![Инчхон-2014. Қазақстандық теннисшілер Өзбекстан құрамасын ұтып, финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79495.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Инчхондағы Азия ойындарында теннисші Александр Недовесов пен Андрей Голубев Қазақстан құрамасын финалға алып шықты.
Жартылай финалда қазақсандық теннисшілер Өзбекстан құрамасымен өте тартысты ойын өткізді. Бірінші ойында Александр Недовесов Фарух Дустовты 2:0 (6:3; 6:4) есебімен жеңді. Алайда Михаил Кукушкин Денис Истоминге 1:2 (6:4; 3:6; 4:6) есебімен есе жіберді.
Шешуші жұптық ойында Андрей Голубев пен Александр Недовесов өзбекстандық Фарух Дустов және Денис Истоминге қарсы ойнап, жеңіске жетті. Есеп: 2:1 (6:7; 7:5; 6:4)
Осы жарыстың 1-ші нөмірі саналатын еліміздің ерлер құрамасы Үндістан спортшыларын (6-шы нөмір) 2:0 есебімен ұтты.
Александр Недовесов Санама Кришана Сингхты 7:6 (5), 7:6 (3) есебімен ұтса, Михаил Кукушкин Юки Бхамбриді 6:2, 6:7 (8), 6:1 есебімен жеңді.
Фото: today.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Қазақстандық теннисшілер Өзбекстан құрамасын ұтып, финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25254/)