![Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына төртінші күміс жүлдені дзюдошылар салды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79518.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медальді иеленді.
Финалда қазақстандық дзюдошылар жарыс қожайындары Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті.
66 келіде Азамат Мұқанов финалдық жекпе-жекті жеңіспен бастады. Алайда, қалған қазақстандық дзюдошылар жеңіске жете алмады. Қорытынды есеп – 1:4.
Айта кетейік, бұл - Қазақстан қоржынына түскен төртінші күміс жүлде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Қазақстан қоржынына төртінші күміс жүлдені дзюдошылар салды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25301/)