![Қазақстандық семсерлесушілер жарыс жолынан шығып қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79538.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында семсерлесушілердің командалық сайысы аяқталады. Командалық турнирдің ширек финалында Ералы Тіленшиев, Евгений Фролов және Жансерік Тұрлыбековтерден құралған қазақстандық семсерлесушілер Гонконг құрамасына 44:45 есебімен жол берді.
Сайыстың соңғы минуттарында Ералы Тіленшиев 7 ұпай айырмасын қысқартты, алайда, ең соңғы ұпайды қарсыласы иеленіп кетті.
Осылайша, біздің қарсыластар жартылай финалға шықты. Олар енді кемінде қола медаль иеленуі мүмкін.
Фото: otyrar.kz.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық семсерлесушілер жарыс жолынан шығып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25341/)