![У-шу. Қазақстандық Ришат Ливеншо – Азия ойындарының күміс жүлдегері](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79539.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында у-шу-сеньдадан финалдық жекпе-жектер аяқталды.
65 келі салмақта «алтынға» таласқан қазақстандық Ришат Ливеншо шешуші жекпе-жекте ирандық Мохсенои Мохаммадсеифиге есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы түркіменстандық Салахеддин Байрамовты жеңіп, финалға жолдама алған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=У-шу. Қазақстандық Ришат Ливеншо – Азия ойындарының күміс жүлдегері&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25343/)