![Инчхон-2014. Дьяченко мен Сидоренко жағажай волейболынан ширек финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79579.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында жағажай волейболынан 1/8 финал ойындары өтті.
Қазақстандық Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко Шри-Ланка елінің спортшылары Мухамалаг Джуда Махеш Переру мен Васант Ратнапала Бомбувалу Девагені 2:0 (21:12, 21:11) есебімен ұтты.
Енді ертең қазақстандық волейболшылар катарлық Тамер Абделрасула I Абделрасула мен Абделазиз Халлуф жұбына қарсы ойнайды.
Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұбы болса, жапониялық Хитоси Мураками мен Такуми Такахасиға 1:2 (17:21, 21:17, 15:17) есебімен есе жіберді.
Ал жағажай волейболынан әйелдер құрамасының мүшелері Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова жарысты 26-шы қыркүйек күні ¼ финалдан қытайлық Юанюан Ма және Синью Сямен кездеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Дьяченко мен Сидоренко жағажай волейболынан ширек финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25429/)