![Қазақстандық дзюдошылар елге оралды (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79601.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан ХVІІ Жазғы Азия ойындарында 6 медаль жеңіп алған қазақстандық дзюдошылар елге оралды.
Ерлер арасында Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алтын медаль салған болса, Максим Раков «күміс», ал, Азамат Мұқанов қола жүлдемен марапатталды. Командалық сында 2-ші орынды иеленді.
Әйелдер арасында Ленария Меңғазова мен Мариан Ордабаева «қоланы» місе тұтты. Командалық сында – 5-ші орында.
confederation.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық дзюдошылар елге оралды (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25474/)