![Қазақстандық триатлоншылар аралас эстафетада бесінші орыннан көрінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79608.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында триатлоннан аралас эстафеталық жарыс аяқталды.
Азия ойындарының алтын жүлдесін Жапония спортшылары жеңіп алды, жарыс қожайындары – Оңтүстік Корея күміс медальға ие болды. Қола медаль – Қытай төрттігінде.
Қазақстандық құраманың сапында Темирлан Теміров, Каролина Соловьева, Валентин Мещеряков және Оксана Грот жеңімпаздан 7 минут қалып қойып, мәреге 5-ші келді. Жарысқа 12 құрама қатысты.
Триатлон. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея),
Аралас эстафета.
1. Жапония — 1:17:28
2. Оңтүстік Корея — +1:11
3. Қытай — +1:48
5. Қазақстан — +6:55.
Фото: www.gettyimages.ae
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық триатлоншылар аралас эстафетада бесінші орыннан көрінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25488/)