![Расул Қалиев Жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79635.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхонда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен жеңімпаздар анықталады.
Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Расул Қалиев Тәжікстан спортшысы Николай Ноевты 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда ол оңтүстіккореялық Джунсик Юномен шеберлік байқасады.
Алаң иесі Джунсик Юно осыған дейін Ташкентте өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері ирандық Хассан Рахимиді 3:0 есебімен жеңген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Расул Қалиев Жазғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25542/)