![Жеңіл атлетика. Ольга Сафронова Қазақстанның 20-шы «қоласын» ұтып алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79679.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика сайыстарына қатысты.
Әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіру бәсекесінде қытайлық Йонли Вей (11,48 секунд) 1-ші орын алды. Күміс медальді жапониялық Тисато Фукусима (11,49) алса, қазақстандық Ольга Сафронова (11,50) Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Біздің тағы бір спортшы Виктория Зябкина (11,68) мәре сызығын 4-ші кесті.
Енді Қазақстанның қоржынында барлығы – 40 медаль (9-11-20).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жеңіл атлетика. Ольга Сафронова Қазақстанның 20-шы «қоласын» ұтып алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25632/)