![Байдарка. Наталья Сергеева мен Ирина Подойникова - Азия ойындарының жеңімпаздары](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79704.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Жазғы Азия ойындарындағы байдарка мен каноэ жарыстары аяқталды.
500 метр қашықтықта байдаркадан қазақстандық Наталья Сергеева мен Ирина Подойникова жұбы Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 15-ші алтын жүлдені салды.
Бұл бәсекеде екінші және үшінші орынды Қытай мен Жапония спортшылары бөлісті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Байдарка. Наталья Сергеева мен Ирина Подойникова - Азия ойындарының жеңімпаздары&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25684/)