![Азия ойындарында су добынан ерлер құрамасы финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79737.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Азия ойындарында су добынан ерлер құрамасы алтын медаль үшін таласатын болды. Жартылай финалда жерлестеріміз Қытай құрамасының жолын кесті. Бірінші кезеңді 2:1 есебімен қарсыластар басым түссе, екінші сегіз минуттықта қазақстандықтар 3:1 есебімен алға шықты. Үшінші кезең Қытай командасының жеңісімен аяқталса, шешуші кезеңде 6:6 есебі тіркелді. Пенальтиде 5:3 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Енді Сергей Дроздов шәкірттері ертең финалда Жапония құрамасымен кездеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азия ойындарында су добынан ерлер құрамасы финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25750/)