![Инчхон-2014. Гүлжанат Жанатбек марафон жарысында 11-ші орынды иеленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79764.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасында марафон жарысы өтті.
Бұл бәсекед Бахрейн спортшысы Эунис Джепкируй Кирва топ жарды. Оның уақыты - 2:25:37. Мәреге екінші болып жапониялық Риоко Кизаки жетті. Үздік үштікті тағы бір Бахрейн желаяғы Лишан Дула Гемгчу түйіндеді.
22 жастағы қазақстандық Гүлжанат Жанатбек жеке рекордын жаңартып, мәре сызығын 11-ші кесті. Оның нәтижесі - 2:40:45.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Гүлжанат Жанатбек марафон жарысында 11-ші орынды иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25804/)