![Каратэ. Ринат Сағандықов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79774.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхонда каратэ жекпе-жектері басталды. Гуанджоуда өткен Азия ойындарының чемпионы, қазақстандық Ринат Сағандықов 67 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Хирото Синохаромен кездесіп, 2:3 есебімен есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Еске сала кетейік, ол 1/16 финалда иорданиялық Башар Саид Мусу Аль Надджарды 1:0 есебімен ұтса, 1/8 финалда катарлық Кассим Али Гавиделді 8:0 есебімен жеңді.
Ринат ширек финалда непалдық Мукундру Махарджаннан 6:0 есебімен басым түссе, жартылай финалда Кувейт спортшысы Абдулазиз Алиді 4:0 ұтқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Каратэ. Ринат Сағандықов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25825/)