![Азия ойындарының финалында – Жәнібек Әлімханұлы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79784.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.
75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Жәнібек Әлімханұлы үндістандық Кристиан Викашты 2:1 (28:29, 29:28, 30:27) есебімен жеңіп, финалға өтті.
Айта кетейік, осыған дейін Ілияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91) мен Біржан Жақыпов (46-49 келі) финалға шыққан болатын. Ал Қайрат Ерәлиев (56 келі) Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алған.
Фото: Данияр Майлыбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азия ойындарының финалында – Жәнібек Әлімханұлы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25844/)