![Инчхон-2014. Қазақстанның жетінші боксшысы финалға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79785.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.
91 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Антон Пинчук Оңтүстік Корея боксшысы Пак Нам-Енді 3:0 (29:28, 30:27, 29:28) есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Айта кетейік, осыған дейін Ілияс Сүлейменов (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Иван Дычко (+91), Біржан Жақыпов (49 келі) пен Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) финалға шыққан болатын. Ал Қайрат Ерәлиев (56 келі) Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алған.
Фото: Данияр Майлыбев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Инчхон-2014. Қазақстанның жетінші боксшысы финалға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25846/)