![Данияр Елеусінов – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79799.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер басталды.
69 келі салмақта қазақстандық Данияр Елеусінов финалда өзбекстандық Исраил Мадримовті 3:0 (30:27; 30:27; 30:27) есебімен ұтып, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 4 жыл бұрын Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмеген еді.
Енді шаршы алаңға Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (+ 91 келі) шығады.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектерді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Фото: Данияр Майлыбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Данияр Елеусінов – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25874/)