![Жәнібек Әлімханұлы – Азия ойындарының жеңімпазы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79801.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер басталды.
75 келі салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы иорданиялық Адель әл Хиндавимен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Есеп 3:0 (30:26; 30:26; 30:26)
Енді шаршы алаңға Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук және Иван Дычко шығады.
Бұл - Қазақстан қоржынындағы 24-ші алтын медаль.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектерді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
Фото: Данияр Майлыбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жәнібек Әлімханұлы – Азия ойындарының жеңімпазы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25878/)