![Бокстан Азия ойындарының алтыншы «алтынын» Иван Дычко жеңіп алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79806.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Соңғы жекпе-жекте аса ауыр салмақта (+91 келі) қазақстандық Иван Дычко Иран боксшысы Хасем Делваримен жұдырықтасты.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте Иван 3:0 (30:26; 29:28; 30:27) есебімен басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Ерлер бәсекесінде қазақстандық боксшылар 6 «алтын», 1 «күміс» пен 1 «қола» иеленді.
Фото: Данияр Майлыбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бокстан Азия ойындарының алтыншы «алтынын» Иван Дычко жеңіп алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/25888/)