![Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79881.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оралда самбодан Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, самбо күресінен Әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жарыста еліміздің 9 облысы мен Ресей, Армения және Өзбекстаннан келген жасөспірім палуандар бақ сынады.
Жеңгендер бағалы сыйлықтармен қатар, «спорт шебері» атағына ие болды. Біріншіліктің басты мақсаты – жас палуандардың тәжірибесін арттырып, шеберлігін шыңдау.
Рауан ДИӘЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26037/)