![Шағын футболдан студенттер лигасының жеңімпазы анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79935.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада шағын футболдан Ұлттық студенттер лигасының жеңімпазы анықталды. Турнир барысында оқ бойы озып шыққан әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері ақтық сында Еуразия Ұлттық Университетінің футболшыларымен кездесті. «Астана Арена» стадионында өткен тартысты кездесуде елордалық команда алматылық ұжымның қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, бас жүлдеге ие болды. Ал, үшінші орын үшін жасыл алаңда Қазақ Агро Техникалық университеті мен Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті күш сынасты. Нәтижесінде 2:3 есебімен Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті жеңіске жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шағын футболдан студенттер лигасының жеңімпазы анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26153/)