![Футзалдан Қазақстан құрамасы «Tashkent Cup-2014» турнирінде жеңімпаз атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_79940.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. «Tashkent Cup-2014» жарысында қазақстандықтар шешуші үшінші ойында Беларусь мемлекетінің футболшыларымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кету керек, Какау шәкірттері бұл ойында жеңісті голды соңғы минутта соқты. Голдың авторы – Шыңғыс Есенаманов. Осылайша, жерлестеріміз турнир барысында 7 ұпайға ие болып, бас жүлдені қанжығаға басса, Әзірбайжан құрамасы үш ұпаймен екінші орын алды.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Футзалдан Қазақстан құрамасы «Tashkent Cup-2014» турнирінде жеңімпаз атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26164/)