![Дакар-2015. «Astana Motorsports» командасы жарысты сәтті бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80007.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл сында ел намысын төрт экипаж қорғауда, яғни 3 жол талғамайтын және 1 жүк көлігі.
Ел спортшылары бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша алғашқы жүздікке енді.
Жүк көліктері арасында сынға түскен Артур Ардавичус 13-ші келсе, Айдын Рақымбаев 22-ші, Бауыржан Исабаев 39-шы, ал Денис Березовский басқарған жол талғамайтын көлік 96-шы болып мәре сызығын кесті.
Айта кетейік, әлемдік жарысқа 406 көлік қатысуда.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дакар-2015. «Astana Motorsports» командасы жарысты сәтті бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26307/)