![Астанада қызметкерлер арасында спартакиада басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80058.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері арасында бірінші қалалық спартакиада басталды. Аталған жарыста 13 команда сынға түсуде. Бір айға созылатын сайыста қатысушылар спорттың 7 түрінен, волейбол, футбол, шахмат, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, бильярд және шаңғымен жүгіруден үздіктерді анықтайды. Соның нәтижесі бойынша жеңімпаз команда белгілі болмақ. Шараның басты мақсаты қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен айналысуға шақыру.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада қызметкерлер арасында спартакиада басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26415/)