![Астанада джиу-джитсудан республикалық жарыс басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80098.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада джиу-джитсудан жастар арасында республикалық сайыс басталды. Додада еліміздің 10 облысынан келген 150-ге жуық спортшы екі күн бойы бақ сынамақ. Аса қырағылық пен өжеттілікті қажет ететін бұл спорт түріндегі сайыс осымен алтыншы рет өткізілуде.
Ұйымдастырушылар, қазіргі таңда джиу джитсумен айналысатын жастар артып келеді,-дейді. Ел чемпиондары осындай бұқаралық спорт түрлерін дамыту қажеттігін алға тартты.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада джиу-джитсудан республикалық жарыс басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26496/)