![Таэквондодан Әлем чемпионаты жалғасуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80186.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Челябинскіде таэквондодан Әлем чемпионатының екінші күні аяқталды. Қазақстанның намысын қорғауға шыққан екі спортшы жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
49 келіге дейінгі әйелдер сайысында Анаргүл Сабыр алғашқы жекпе-жегінде әзірбайжандық Патимат Абакароваға жол берді.
Ал, ерлер арасындағы бәсекеде құрама капитаны Ержан Абылқас екінші айналымда португалиялық спортшы Жулио Феррейрамен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таэквондодан Әлем чемпионаты жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26680/)