![Алматыда Олжас Сүлейменов атындағы IX халықаралық турнир басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80193.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде Олжас Сүлейменов жүлдесі үшін IX халықаралық турнир басталды. Байрақты бәсекеге волейболдан ардагер командалар арасындағы 9 аймақтан келген құрамалар қатысты.
Үш күнге созылатын турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын ұстанып, студенттерге үлгі көрсету.
Биыл 79 жасқа толатын ақын Олжас Сүлейменов Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің командасы құрамында ойнап, шеберлігін көрсетті.
Шара барысында Олжас Сүлейменов студенттермен кездесіп, сондай-ақ облыстардан келген құрамаларды университеттің жетістіктерімен таныстырмақ.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Олжас Сүлейменов атындағы IX халықаралық турнир басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26696/)