![Ескек есуден Әлем Кубогының екінші кезеңі аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80209.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Германияның Дуйсбург қаласында ескек есуден Әлем Кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті.
Әлемдік додаға Ұлттық құраманың барлық мүшесі қатысқан. Алайда, спортшыларымызға бұл жарыста жүлде бұйырмады.
Үздік нәтиже көрсеткендер - Наталья Сергеева мен Ирина Подойникова.
Бұл жарыстар - тамыз айында Италияның Милан қаласында өтетін лицензиялық Әлем чемпионатына дайындықтың бір кезеңі.
Енді Ұлттық құрама мүшелері қателіктермен жұмыс істеп дайындықтарын пысықтайды.
Индира БЕКТЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ескек есуден Әлем Кубогының екінші кезеңі аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26729/)