![Алматы мен Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада жобасымен таныстырады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80233.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қысқы Олимпиада 2022 жылы Алматыда өте ме, әлде Бейжіңде ме?
Бұл сауалдың жауабын әлем жұртшылығы 31 шілдеде Малайзия астанасы Куала-Лумпурде ашылатын Халықаралық Олимпиада комитетінің 128-ші сессиясында білетін болады.
Ұйым мүшелерін Алматының мүмкіндіктерімен таныстыру үшін Лозаннаға Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегация барды.
Бүгін өтетін презентацияға Қытай делегациясы да қатысып, Қысқы Ойындарды өткізу жобаларын көрсетпек.
Арыстан РЫСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы мен Бейжің 2022 жылғы Қысқы Олимпиада жобасымен таныстырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26777/)