![Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінен ел чемпионаты өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80234.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтуде. Еліміздің барлық аймағынан 200-ден аса палуан қатысып, мықтыны анықтауда.
Топ жарғандар мен жүлдеге іліккендер биыл Қытайда өтетін Азия және Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Тағы бір ерекшелігі, жарыста 5 шілде күні Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына жолдама алған 30 палуан күресуде.
Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінен ел чемпионаты өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26778/)