![Универсиадада қазақстандық спортшылар 6 алтын, 4 қола медальға ие болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80283.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Кореядағы Универсиада ойындары мәресіне жетті.
Соңғы болып, таэквондошы қыз-жігіттеріміз командалық есепте бақ сынады. Әйелдер құрамасының сапында Бану Мансұрова, Феруза Ергешова және Гүлім Бибіәлиева шықты.
Жерлестеріміз Корея құрамасына 29:14 есебімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.
Ерлер құрамасы ширек финалда Қытай командасымен даянгке шығып, 18:16 есебімен қарсылас командаға есе жіберді.
Жалпы Универсиадаға еліміздің атынан 95 студент спортшы қатысып 6 алтын, 4 қола медаль жеңіп алды.
Индира БЕКТЕНОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Универсиадада қазақстандық спортшылар 6 алтын, 4 қола медальға ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/26883/)