![Алматыда тұңғыш рет «Кроссфит Болашақ Астана-2015» жарысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80369.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда тұңғыш рет «Кроссфит Болашақ Астана - 2015» жарысы өтті. Спорт күніне орай «Медеу» мұз айдынында ұйымдастырылған шараға 3 мыңға жуық қала тұрғыны жиналды.
Қазақстан эстрада жұлдыздары, танымал журналистер, белсенді блогерлер мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінен құралған 8 команда түрлі спорт сайыстары бойынша бақ сынасты.
Ойынға арнайы шақырылған кроссфит жұлдыздары мен атақты қазақстандық спортшылар төрелік етті.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда тұңғыш рет «Кроссфит Болашақ Астана-2015» жарысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/27060/)