![«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80387.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық клуб тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен «Астана» клубының кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталды.
АПОЭЛ ойынның 60-шы минутында есеп ашты. Кездесу соңына таман оң қапталдан Бауыржан Жолшиевтің берген пасын Неманья Максимович алаң иелерінің қақпасына енгізіп, есепті теңестірді.
Апта бұрын өткізілген Астанадағы матчта елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Гүлхия СЕЙІТОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/27099/)