![«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80389.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордалық «Астана» клубы футболдан Еуропаның ең мықты командалары сайысатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Бұл қазақ футболының тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Тарихи серпіліс, тарихи жеңіс.
Осыған дейін іріктеу кезеңдерінен сүрінбеген елордалық команда - плей-ооф кезеңінің алғашқы ойынында өз алаңында 1:0 есебімен кипрліктерден басым түскен.
Ал, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өту үшін «Астанаға» қарымта ойында тек тең ойын да жеткілікті болған. Сөйтіп, Кипрде өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/27103/)