![Үздік теннисшілер тізімі жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80456.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин АТР сериясының жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылап, 48-орынға тұрақтады. Сонымен қатар, халықаралық жарыстарды сәтті өнер көрсетіп жүрген Александр Недовесов те өткен аптадағы нәтижесін жақсартты.
Нәтижесінде ол 114-орынға көтерілді. Тек қана Андрей Голубев бір саты төмендеп, 154-орынға түсті. Ал, әйелдер арасында еліміздің үздік ракеткасы Зарина Диас жаңартылған соңғы тізімде 41-орыннан көрінді. Юлия Путинцева болса, 75-сатыдан 78-ге дейін төмен түсті.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үздік теннисшілер тізімі жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/27241/)