![«Астана» - «Галатасарай» кездесуінің 80 пайыз билеттері сатылған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80468.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
30 қыркүйек күні УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде елордалық «Астана» өз алаңында Түркияның «Галатасарай» футбол клубын қабылдайды. Дәл осы уақытқа дейін аталған кездесуге билеттердің 80 пайызы сатылып кеткен.
УЕФА-ның регламентіне сәйкес, қонаққа келетін команда матч өтетін стадионның жалпы сыйымдылығына сәйкес, билеттердің 5 пайызын сатып ала алады. Ал «Астана-Арена» стадионының сыйымдылығы бойынша, 5 пайыз дегеніміз - 1500 билет.
Бірақ, осы аптада «Галатасарай» командасы бізге ресми хат жолдап, шамамен 200-300 адам келеді, деп мәлімдеген. Енді қонақтарға бөлінген билеттер өз жанкүйерлерімізге сатылатын болады.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана» - «Галатасарай» кездесуінің 80 пайыз билеттері сатылған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/27266/)