![Баскетболдан Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80469.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайдың Чанше қаласында баскетболдан ерлер командалары арасында Азия чемпионаты өтуде. Құрлықтық бәсеке аясында жерлестеріміз екінші ойынын қытайлық Тайбэй құрамасымен өткізген.
Тартысты ойында қазақстандық баскетболшылар 84-73 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Ал, бірінші ойында еліміздің спортшылары Катар командасымен күш сынасып, 75-79 есебімен жеңілген болатын. Айта кетейін, бүгін біздің баскетболшылар Ливан спортшыларымен кездеседі.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баскетболдан Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/27267/)