Талдықорғанда тұңғыш рет «СТРОНГ-МЭН» жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда тұңғыш рет «СТРОНГ-МЭН» жарыс өтті

09.11.2015
Талдықорғанда тұңғыш рет «СТРОНГ-МЭН» жарыс өтті
Бәсекеге білекпен мыңды жығатын алып жігіттер қатысты.

Олар салмағы 200 келіден асатын зіл темір мен ауыр бөренелерді көтеруден күш сынасты. Сондай-ақ, үлкен дөңгелектерді лақтырып, автокөлік сүйреді. Мұндай көрермендердің делебесін қоздыратын қызықты спорт түрі елімізде енді таралып келеді.

«Басты мақсат-жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, білекті жігіттерді ауыр атлетикаға тарту»,- дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу