![Еуро-2016. Словакия мен Англия құрамалары тең ойнады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1189.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа чемпионатының «В» тобындағы Словакия мен Англия құрамаларының арасындағы 3-ші тур ойыны аяқталды.
Аса тартысты өткен ойында Словакия мен Англия құрамалары 0:0 есебімен тең ойнады. Екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соға алмады.
Сөйтіп, «В» тобында Англия құрамасы 5 ұпаймен екінші, Словакия 4 ұпай жинап, үшінші орынмен аяқтады. Сондай-ақ, Англия құрамасы чемпионаттың плей-офф кезеңіне жолдама алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Словакия мен Англия құрамалары тең ойнады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28434/)