![«Қазақстан Барысы» турнирінен төрт палуан допинг қолданғаны үшін шеттетілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1238.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақ күресі федерациясының өкілі Тастанбек Есентаев төрт қатысушының мельдоний қолданғаны үшін «Қазақстан Барысы» турнирінен шеттетілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Біздің спортшылар халықаралық деңгейге шығу үшін WADA тексерісінен өтеді. Өкінішке қарай, «Қазақстан барысы» турнирінің төрт қатысушысы мельдоний қолданған. Олар жарыстардан шеттетілді», - деп хабарлады Тастанбек Есентаев.
Осылайша, Мереке Тұраев, Александр Косачев, Айбек Нұғымаров және Самир Мамедов жарыстардан шеттетілді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Барысы-2016» турнирі 3 шілде күні Астанада өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан Барысы» турнирінен төрт палуан допинг қолданғаны үшін шеттетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28441/)