![Жасұлан Қыдырбаев спорттан сегіз жылға шеттетілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1644.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер - Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
2015 жылы желтоқсан айының соңында IWF Хьюстонда өткен сол жылғы әлем біріншілігі кезінде тапсырған допинг-сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылғаны үшін қазақстандық спортшыларды уақытша спорттан шеттеткен болатын.
Енді халықаралық ұйым Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды 4 жылға, ал тыйым салынған препаратты қайталап қолданғаны үшін Жасұлан Қыдырбаевты 8 жылға спорттан шеттетті. Одан бөлек, Өтешев пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен Әлем чемпионатында алған медальдарынан айырылды. Естеріңізде болса, байрақты бәсекеде Алмас күміс, Жасұлан қола медаль еншілеген еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жасұлан Қыдырбаев спорттан сегіз жылға шеттетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28456/)