![Елдос Сметов Олимпиададағы жарысты жеңіспен бастады (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_4632.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметов Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан 2016 жылғы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады.
Алғашқы жекпе-жекте отандасымыз Ливия спортшысы Мұхаммед Элькависаны иппон әдісімен жеңді.
Енді қазақстандық спортшы 1/16 кезеңінде Эшли Маккензи (Ұлыбритания) – Бекир Озлу (Түркия) жұбының жеңімпазымен белдеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елдос Сметов Олимпиададағы жарысты жеңіспен бастады (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28506/)