![Пеле Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_4844.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Аты аңызға айналған футболшы, үш дүркін Әлем чемпионы Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға ниетті.
«Мен физиотерапия жалғастырудамын және 21-тамыз күні мерекелік іс-шараның жабылуына қатысуға ниеттімін. Сіздерді жақсы көремін», - деп жазды әйгілі футболшы өзінің «Твиттердегі» парақшасында.
Бастапқыда Пелеге Жазғы ойындардың ашылу салтанатында Олимпиада алауын жағу ұсынылған болатын, алайда, ол бүкіл әлем алдына сүйеніш таяғымен шығуды қаламады.
Нәтижесінде 5-тамыз күні алауды 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында марафон жүгіруде қола жүлде иеленген 46 жастағы Вандерлей Кордейру ди Лима жақты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пеле Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28511/)