![Алматыда қазақ күресінен төртінші халықаралық чемпионат - «Еуразия барысы» өтеді.](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_6252.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда қазақ күресінен төртінші халықаралық чемпионат - «Еуразия барысы» өтеді.
Универсиады-2017 дирекциясы баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, жарыс 2 қазан күні Универсиада жарыстарына арнайы соғылған 12 мыңдық жаңа мұз айдыны «Алматы Аренада» өтеді.
Турнир Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Жарысқа әлемнің 8 елінен 130-дан аса палуан қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, «Еуразия барысын» тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасы көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда қазақ күресінен төртінші халықаралық чемпионат - «Еуразия барысы» өтеді.&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28538/)