![Худяков Азия Жағажай ойындарында алтын медальға ие болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_8520.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық ашық суда жүзуші Виталий Худяков V Азия Жағажай ойындарының үшінші күні 10 шақырымдық қашықтыққа жүзуде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады prosportkz.kz.
Ол өзінің қарсыластары қытайлық Венхао Ванга (2:04:55.9) мен сириялық Мохаммад Салехті (2:06:20.4) артта қалдырып, қашықтықты 2:02:07.2 уақытымен жүзіп өтті. Ал, тағы бір суға жүзушіміз Кенесары Кененбаев (2:24:56.0) мәреге оныншы болып келді.
Әйелдер арасындағы 5 шақырымдық қашықтықтағы жүзуде Ксения Романчук (1:06:18.7) бесінші болды.
Айта кетейік, Виталий Қазақстан қоржынына Данангта өтіп жатқан V Азия Жағажай ойындарының алғашқы алтын медалін салды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Худяков Азия Жағажай ойындарында алтын медальға ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28613/)