![2017 жылы Дэвис кубогы мен Федерация кубогы ойындары Астанада өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13265.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2017 жылы теннистен Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары ойындарын Астанада өткізеді.
6-11 ақпанда Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында Азия-Тынық мұхит аумағы бірінші тобының матчтары өтіп, Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогы Әлемдік тобының плей-офф кезеңіне шығу үшін бірқатар кездесулер өткізеді.
Екінші Әлемдік топқа шығу үшін Өзбекстан, Қытай, Таиланд, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея және Филиппин елдері таласады.
Ерлер құрамасы жарысты Азия-Тынық мұхит аумағының екінші кезеңінен бастайды. Жарыс Астанада 7-9 сәуірде өтеді. Біздің құраманың қарсыласы 3-5 ақпанда бірінші кезеңдегі Қытайлық Тайпей мен Қытай арасында өтетін кездесуде анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Азия-Тынық мұхит аумағы бірінші тобында 6-орынға ие болды. Ал, ерлер құрамасы Әлемдік топтың плей-офф кезеңінде Ресей командасына 1:3 есебімен жол беріп, Азия-Тынық мұхит аумағы бірінші тобына қайтып келді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2017 жылы Дэвис кубогы мен Федерация кубогы ойындары Астанада өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28888/)