![Тәуелсіздік күні Қуат Хамитов Қазақстан халқына жеңіс сыйлады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13600.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
16 желтоқсан күні Мәскеуде Fight Nights Global жүйесі бойынша қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік Гаджи Рабадановпен шеберлік байқасты. Жекпе-жек 3 раундқа созылып, отандасымыздың қылқындыру әдісі арқылы жеңіске жетуімен аяқталды.
Бұл кездесу - «Найман» деген лақапатқа ие спортшының кәсіби мансабындағы 25-ші жекпе-жегі. Соның 20-сында жеңіске жетіп, төртеуінде есе жіберсе, тек біреуінде тең түскен.
Бұл кеште тағы бір қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жұман Жұмабеков өнер көрсетті. Өкінішке орай, ол жекпе-жекте қарсыласы - ресейлік Никита Чистяковтан жеңіліп қалды.
Жекпе-жектерді тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәуелсіздік күні Қуат Хамитов Қазақстан халқына жеңіс сыйлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/28935/)