![Қуат «Найман» Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_15367.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық ММА аралас жекпе-жегінің шебері Қуат Хамитов WBK чемпионы дәрежесі үшін өтетін айқастың қай күні болатынын айтты.
«Менің келесі айқасым 6 наурызда WBK (World Ultimate fighting league) Әлем чемпионы белдігі үшін Қытайдың Шанхай қаласында өтеді», – деп жазды Хамитов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, «Найман» деген лақап атпен белгілі отандасымыз соңғы рет «Fight Nights Global 57» ресейлік промоушеннің өткен жылдың 17 желтоқсанында өткізген жекпе-жегінде қарсыласы Гаджи Рабадановты басымдықпен жеңген болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қуат «Найман» Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29138/)