Алматыда грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті.
Жарыста 1997-1999 жылдары туған жеткіншектер бақ сынады. Турнир арқылы грек-рим күресін жастарға танытып, үздік палуандарды ұлттық құрамаға іріктемекші. 8 салмақ дәрежесі бойынша бізден бөлек, Армения, Грузия, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Венгрия, Қырғызстан, Франция, Ресей, Германиядан да спортшылар келіп қатысты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, медальдармен марапатталды.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29312/)