Астанада Шинкиокушинкайдан VІ әлем біріншілігі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Шинкиокушинкайдан VІ әлем біріншілігі аяқталды

03.07.2017

Екі күн бойы әлемнің әр қиырынан келген шеберлер сегіз салмақ дәрежесі бойынша өзара кім мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеден отандастарымыз құр алақан қалған жоқ. Еншімізде 2 күміс және 6 қола медаль бар. Семейлік спортшы Екатерина Гурова мен алматылық Людмила Устюгова финалға дейін жеткенімен жапондық қарсыластарына жол беріп қойды. Жалпы, командалық есепте дәл осы Күншығыс елінің өкілдері өзгелерден көш ілгері. Олардың қоржынында 7 алтын, 3 күміс және 5 қола бар.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу