Астанада ертең самбодан Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін Әлем кубогының кезеңі басталады. Екі күнге созылатын байрақты бәсекеге 200-ден астам спортшы қатысады. Ерлер және әйелдер өзара тоғыз салмақта бас жүлдені сарапқа салмақ. Алғашқы жекпе-жектер ертең таңғы 10-да басталады. Самбо күресінен ішкі біріншілікте топ жарған үздіктер ел намысын қорғамақ. Әр салмақта қазақстандық 4 спортшы өнер көрсетеді. Олардың арасында халықаралық деңгейде жүлде салып жүргендер аз емес.
Елдос САПАРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ертең самбодан Әлем кубогының кезеңі басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/29341/)